Perplexity Google Chrome браузерін 34,5 млрд долларға сатып алуға дайын
АСТАНА. KAZINFORM — Perplexity жасанды интеллект компаниясы Google Chrome браузерін 34,5 миллиард долларға сатып алуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Басылым Perplexity 18 миллиард долларға бағаланғанын хабарлайды. Компания бірнеше инвесторлардың қолдау көрсетуге келіскенін айтты.
2024 жылдың күзінде АҚШ-тың Әділет министрлігі Google-ді монополист деп жариялап, оның таратылуы мүмкін екенін айтты.
Bloomberg кейінірек Әділет министрлігі монополияға қарсы істің бір бөлігі ретінде Chrome браузерін сатуды талап етуі мүмкін екенін хабарлады.
Yahoo да браузерді сатып алуға қызығушылық танытты. Компания өкілдері бұл үшін ондаған миллиард доллар төлеуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ OpenAI Chrome браузерін сатып алуға қызығушылық танытады.
Chrome браузерін дүние жүзінде шамамен 3,5 миллиард адам пайдаланады, бұл әлемдік браузер нарығының 60 пайызын құрайды.
Еске сала кетейік, Германияда 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салу ұсынылды.