Перу президенті Дина Болуарте биліктен кетуге дайын

АСТАНАа.ҚазАқпарат - Перу президенті екі айға жуық уақыт бойы елді дүр сілкіндірген ереуілшілерді бітімге келуге шақырғаннан кейін мыңдаған адам Лима көшелеріне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
None

Дина Болуартенің айтуынша, есірткі саудагерлері мен контрабандашылар өздерінің саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін елде «хаос» тудыру мақсатында «әскери күштерді» ұйымдастырған.

Сонымен қатар Дина Болуарте мерзімінен бұрын сайлау күні тағайындалғаннан кейін отставкаға кетуге ниетті екенін айтты.

«Мен қызметке кіріскен алғашқы минуттан бастап Конгреспен бітімге келуге шақырдым. Енді диалог құрып, әр аймақтың күн тәртібін анықтау үшін сүйікті елімді ұлттық бітімгершілікке шақырамын», - деді Дина Болуарте.

Перудегі наразылықтар желтоқсанның басында елдің бұрынғы президенті Педро Кастильо қамауға алынғаннан кейін басталды.

Наразылық білдірушілер оның орнына келген Дина Болуартенің отставкаға кетуін, парламентті таратуды, биыл жалпы сайлау өткізуді және конституциялық ассамблеяны шақыруды талап етіп отыр.

Осы уақыт аралығында 50-ден астам адам құқық қорғау органдарымен қақтығыстың құрбаны болды.

Бұған дейін Хульяка қаласындағы үкіметке қарсы наразылық шерулерінде кем дегенде 17 адам қаза тауып, 52 адам зардап шеккені хабарланған болатын. Перу президенті елдегі шерулерге шетелдік арандатушылардың қатысы бар екенін мәлімдеді. Перудің бірнеше аймағында төтенше жағдай режимі жарияланған.


Фото: xeber.media


Соңғы жаңалықтар