Перуашев пен Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама тағайындалды - IIМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Депутат Азат Перуашев пен министр Аслан Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама тағайындалды. Бұл туралы бүгiн тiлшiлерге берген сұхбатында ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов мәлiм еттi.

Перуашев пен Сәрiнжiпов арасындағы дауға байланысты филологиялық сараптама тағайындалды - IIМ

"Бiзде қылмыстық iс қозғалды. Олардан жауап алынды. Бiз қазiр филологиялық сот сараптамасын тағайындадық, оның нәтижесiнде тиiстi шешiм қабылдаймыз", - дедi министр.

Естерiңiзге сала кетсек, 27 мамыр күнi Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Азат Перуашев жоғары оқу орындары мен техникалық-кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының аккредитацияға өтуге қатысты Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қызметiн сынға алған болатын. Депутат ол кезде, "заңдарды өзгерте бергенше, министрдi ауыстырған жеңiлiрек болады" деген еді. Кейiн, министр Аслан Сәрiнжiпов БАҚ өкiлдерiне сұхбат берiп, Перуашевтiң жеке жоғары оқу орындарының мүддесiн қорғап жатқанын айтқан. Бұған наразы болған депутат Мәжiлiс спикерiнен Бас прокуратураға шағым түсiруiн сұрады.