Перуде 7,3 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің оңтүстік-батысында магнитудасы 7,3 болатын жер асты дүмпулері тіркелді, деп жазады Анадолы.

Перуде  7,3 балдық жер сілкінісі болды

Перуде магнитудасы 7,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Зілзала ошағы Акари елді мекенінің оңтүстік-батысында 10 метр тереңдікте тіркелді.

Табиғат апатынан зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.