Перуде 8 балдық жойқын жер сілкінісі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Перуде 8 балдық жер сілкінісінен 1 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Перуде 8 балдық жойқын жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Лагунас деп аталатын қалашықтан 80 шақырымдай жерде тіркелді.

Жергілікті билік дүмпуден көптеген үйлердің қирап қалғанын хабарлады. Сондай-ақ, жақын елді мекендерде жарық сөніп қалған.

Апат аймағында құтқару шаралары басталған.