Перуде ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты басталды

Оған АҚШ, Венгрия, Мексика мен Перу толық құраммен қатысып жатса, Ресей - 14, Түркия - 12 спортшы қосып отыр. Ал Қазақстан бұл жарысқа тек қыздар арасында 3 үміткерін ғана үкілеп қоспақ. Олар Карина Горичева (63 кг), Жазира Жаппарқұл (69 кг) мен Анастасия Швабауэр (75 кг). Онда бірінші болып 7 мамыр күні Карина, 8-і күні Жазира, ал 9-ы күні Анастасия өнер көрсететін болады.
Жалпы қазір 63 келіде жастар арасындағы әлемдік рекорд серпе көтеруде (115 кг) және қосайыста (250 кг) ресейлік Светлана Царукаеваға, жұлқа көтеруде (136 кг) КХДР спортшысы Пок Хянг Жоға (Pok Hyang Jo) тиесілі. Осы арада сондай-ақ, бұл салмақта жасөспірімдер арасындағы Әлем рекорды жұлқа көтеруде (143) қазақстандық Мая Манезаның еншісіне тигенін айтқа кеткен жөн шығар. 69 келіде ресейлік Оксана Сливенко серпе көтеруде 123 келімен, Зарема Касаева жұлқа көтеруде 157 келімен, қытайлық Шунхонг Лию (Chunhong Liu) қоссайыста 175 келімен үздіктер көшін бастауда. Сондай-ақ 75 келіде ресейлік Наталия Заболотная серпе көтеруде (130 кг), қазақстандық Светлана Подобедова қоссайыста (286 кг), қытайлық Шунхонг Лию жұлқа көтеруде (159 кг) әлем рекордының иесі болып отыр.