Перуде тікұшақ құлап, 15 адам мерт болды

АСТАНА.KAZINFORM – Перудің оңтүстігінде әскери Ми-17 тікұшағы құлап, кемінде 15 адам мерт болды. Бұл туралы елдің әскери әуе күштері хабарлады, деп жазады ресейлік ТАСС.

вертолет
Фото: Анадолу

Ресми мәліметке сәйкес, арнайы мақсаттағы күштер Ұлттық полициямен бірлесіп, кеше күннің екінші жартысында радиобайланыс үзілген Ми-17 тікұшағын тапқан. Әуе кемесі Чала-Вьехо елді мекені маңынан, Чала округінде, Каравели провинциясында, Арекипа департаментінде анықталған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 4 экипаж мүшесі мен 11 жолаушының, оның ішінде балалардың қаза болғанын растады.

Әскери әуе күштерінің мәлімдеуінше, тікұшақ Арекипа өңіріндегі су тасқыны, өзендердің арнасынан асуы және басқа да төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бағыт алған.

Осыған дейін АҚШ-тың әскери қызметкерлері тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум