Перуде жер сілкінді: Лима тұрғындары үйінен қашуға мәжбүр болды
АСТАНА. KAZINFORM — Перудің орталығында 6,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Синьхуа.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі сенбі, 21 қарашада, Гринвич бойынша сағат 00:09-да (Астана уақыты бойынша сағат 05:09) болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 10,85 градусында және батыс бойлықтың 75,98 градусында орналасқан. Жер сілкінісінің эпицентрі 108 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі Перудің Лима қаласында сезілді. Тұрғындар үйлерінен эвакуацияланды.
АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесінің мәліметі бойынша, жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескертулер жарияланбаған.
Айта кетейік, кеше Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі болды.