Перуде жол апатынан 8 адам мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Перудің оңтүстігінде автобус апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты. Тағы 20-дан астам жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды БЕЛТА.

Перуде жол апатынан 8 адам мерт болды
Фото: БЕЛТА

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші бұрылыс кезінде тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылып кеткен. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олардың бесеуінің жағдайы ауыр.

Автобус Арекипа қаласынан шығып, Куско департаментіндегі Сикуани қаласына бет алған.

Перуде мұндай жол апаты бұған дейін де болған. Елдің оңтүстігіндегі Арекипа қаласының маңында жолаушылар автобусы жардан құлап, онда 37 адам қаза тапқан болатын. Бұл жол апатында автобус шамамен 200 метр төмен құлап түскен.

Соңғы жаңалықтар