18:36, 24 Наурыз 2025 | GMT +5
Песков: Путиннің Трампқа сыйлығы жеке сипатқа ие
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путиннің жеке сыйлықтарына қатысты жан-жақты ақпарат берілмейді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

ТАСС агенттігінің сұрағына жауап берген Песков Путиннің АҚШ президенті Дональд Трампқа орыс суретшісінің қылқаламынан шыққан портретін сыйға тартқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
- Айтарым, бұл - президенттің америкалық әріптесіне жасаған жеке сыйлығы. Сондықтан біз қосымша ақпарат бергіміз келмейді. Егер президенттің өзі бұл туралы айту қажет деп тапса, оны өзі хабарлай жатар, – деді Песков.
Бұған дейін Трамп Колорадо штатындағы Капитолий ғимаратында ілінген өзінің «бұрмаланған» портретіне шағымданғаны туралы хабарланған болатын.