Петер Сийярто: Қазақстан - Мажарстан үшiн Азиядағы ең басты әрiптес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Мажарстан үшiн Азияда ең басты әрiптес. Бұл туралы бүгiн Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумында Мажарстанның Сыртқы iстер және сауда министрi Петер Сийярто мәлiм еттi.
None
None

«Мажарстан үшiн Қазақстан - Азияда ең басты әрiптес. Елдер арасындағы сауда-саттық соңғы 5-10 жылда 200 млн. долларға жеткенiмен, оның деңгейi әлi де төмен. Бұл - арадағы әрiптестiктiң әлеуетi әлi жоғары деген сөз. Орталық Еуропа елдерi Еуропа экономикасының қозғаушы күшi ретiнде бағалануда, ал Қазақстан аймақтағы көшбасшы ел ретiнде белгiлi, сондықтан өсiмнiң әлеуетi баршылық», - дедi ол.

Айта кетейiк, бүгiн Астанада Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтуде. Оған екi жақтан шамамен 300-ге тарта кәсiпкер қатысып жатыр. Түстен кейiн форумға ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен Мажарстан Премьер-Министрi Виктор Орбан қатысады деп күтiлуде. Форумның қорытындысында бiрқатар келiсiмдер мен меморандумдарға қойылады.

Соңғы жаңалықтар