15:25, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Петерборлықтар жаппай қар тазалауға шықты
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен әскерилер - 1 мыңнан астам адам көшелерді қардан тазалауға жұмылдырылды.

Олардың міндеттері - тұрғындардың қоғамдық көлік өткелдері мен аялдамаларына кедергісіз жетулерін қамтамасыз ету, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне қалалық абаттандыру және жол шаруашылығы комитетінен.
Қаланы қардан тазалауға қолдарынан келгенше көмектескісі келетін тұрғындар үшін 2 мың күрек арнайы сатып алынды. Абаттандыру комитетінің кезекші қызметіне хабарласып, құралды кез-келген адам алуға болады.
Желтоқсанның 20-сынан бері Петерборда қардың айлық нормасы жауып отыр. Қазіргі таңда қар қабатының қалыңдығы 35 см-ден асады.