Петицияны қалай беруге болады

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Петиция бойынша жазбаша арыздардың нысанын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірлеп, ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды Kazinform.

петиция
Фото: Kazinform

Құжатқа сай, өтініш беру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органға арнайы тәртіп бойынша өтініш беру қажет.

Онда мына деректер көрсетілуге тиіс:

- тегі, аты, әкесінің аты;
- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
- нақты тұрғылықты мекенжайы;
- тіркеуде тұрған жерінің мекенжайы;
- байланыс телефоны.

Сондай-ақ өтініште петиция мазмұны мен атауы жазылуы тиіс.

Бұған қоса онда құжатты интернет-ресурсқа орналастыруға рұқсат беру сұралады.

Өтінішке төмендегі құжаттар қоса беріледі:

- жеке куәліктің көшірмесі;
- өкілдің тиісті өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш азаматтың заңды өкілі арқылы берілсе).

Тоқтала кетейік, бұл ретте өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растап, дербес деректерін өңдеуге келісім береді.

Осы кезеңде оған мәліметтің нақтылығы үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапты болатыны ескертіледі.

Мұнымен қатар, интернет-ресурста петицияға қосылу туралы өтініштің үлгісі әзірленді.

Онда да осы жоба бойынша өтініш жолдауға болады.

«Электронды жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтармен петиция жолдауға арналған интернет-ресурс ретінде айқындалсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған министрдің бұйрық-жобасында.

Аталған ережелер мен тәртіптер 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды
Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды