«Петро Қазақстан» жас баскетболшыларды кезекті рет сынақтан өткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Петро Қазақстан» спорт кешенінде баскетболдан мектеп оқушылары арасындағы облыстық біріншілік мәреге жетті.
None
None

Оған жылдағы дәстүр бойынша «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілік жасады.

Бұл жолғы сайысқа облыстың барлық аудандарынан, Қызылорда, Байқоңыр және Ақтөбе облысының Хромтау қалаларынан 15 команда қатысты. 15-інші  рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнир барынша тартысты өтті.

Нәтижесінде қыздар арасында Шиелі ауданының командасы заңды түрде бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Қызылордадағы №2 «Мұрагер» мектебінің командасы орналасса, үшінші орын №198 мектептің баскетболшы қыздарына бұйырды.

Ал бозбалалар арасындағы сайыста №2 «Мұрагер» мектебінің ұжымы өзгелерден алда көрінді. Екінші орынға №9 орта мектептің жасағы табан тіресе, үшінші орынға Шиелі ауданының баскетболшылары жайғасты.

Чемпионат жүлдегерлеріне мұнай компаниясының арнайы сыйлықтары табыс етілді. Сонымен бірге жекелеген ойыншыларға әртүрлі аталымдар бойынша арнайы жүлделер тапсырылды. «Үздіктің үздігі» атағына жасөспірімдер арасында №2 мектептің оқушысы Владислав Посашков пен хромтаулық Евгений Поздняков, жасөспірім қыздар арасында шиелілік Галина Жанаева мен жаңақорғандық  Айда Молдахмет ие болды.   

Соңғы жаңалықтар