08:40, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
«PetroCapital Resources» және «Тортай»: мұнай резерві бұған дейінгі пайымдалған көлемнен асады
МАГДЕБУРГ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Біздің тілшіміз ҚазАқпарат оқырмандарын Қазақстандағы мұнай өндірісіне салынып отырған шетелдік инвестициялар туралы немістің www.presseportal.de сайтында жарияланған материалдармен таныстырады.

«PetroCapital Resources» компаниясының хабарлауынша, ағымдағы аптаның басында «Тортай» кенішінде ондағы мұнай резервтерінің көлеміне қатысты жүргізілген сейсмикалық зерттеулердің нәтижесі алынды. Осынау жобаны қаржыландыруды өз мойнына алған қазақстандық тарапқа сарапшылардың қорытындысы 3 миллион долларға түсті. Зерттеу жүргізу үшін арнайы келген «PetroCapital Resources» компаниясының геологтар командасы жердің терең қабаттарындағы мұнай резервтеріне талдау жұмыстарын жүргізіп отыр. Сарапшылардың алғашқы қорытындыларына сәйкес, «Тортайдағы» мұнай резервтеріне қатысты болжам көңіл толтырарлықтай. Кеніште бастапқы пайымдаудан да көбірек мұнай қоры бар деген қорытынды жасалды. Егер нақты бағалау осыны қуаттайтын болса, «PetroCapital Resources» компаниясы көп кешіктірмей «Тортай» кенішіне инвестиция аудара бастайды.