Петропавл ауыр машина жасау зауыты мен ресейлік «Уралмаш» холдингі 60 млн. теңгеге келісімшарт жасасты (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл ауыр машина жасау зауыты экспорттық әлеуетті дамытуда белсенді жұмыс атқаруда. 2016 жылға солтүстікқазақстандықтар стационарлық бұрғылау қондырғысы үшін домкраттарды жеткізу бойынша ресейлік «Уралмаш» холдингімен 60 млн. теңгеге келісімшарт жасасты.
None
None

2015 жылдың аяғында ПАМЗ «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» президенттік байқауының лауреаты атанған.

«Біз награда алып, үлкен сенім мен жауапкершілікке ие болдық. Президент Н. Назарбаев алдымызға экспортты ұлғайту, кәсіпорындарда еңбек өнімділігін арттыру, жаңа бағыттар іздеу бойынша үлкен міндеттер қойды. Мұнай-газ жабдық өндірісінде тәжірибені ескеріп, біз Ресейдің ірі «Уралмаш» машина жасау холдингісінің стационарлық бұрғылау қондырғысы үшін домкраттарды жеткізу бойынша 60 млн теңгелік алғашқы келісімшартқа қол қойдық. Біз бұл көлемдерді арттыруға әзірміз. Сондай-ақ ұңғыманы күрделі жөндеу үшін арнайы техника жеткізу бойынша «Уралмашпен» уағдаластық бар. Бір машина жөнелтуге дайын тұр», - деді зауыттың бас директор Қ. Бишимов.

Бұдан басқа, кәсіпорында ірі ұлттық компаниялармен ұзақмерзімді шарттар бар.

null
null


Соңғы жаңалықтар