18:21, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Петропавл балалар колониясында «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» болып өтті
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ – Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл балалар колониясында "Жас Отан" жастар қанаты қалалық филиалы және «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің қызметкері Владимир Рупиннің айтуынша, «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының атынан Данияр Әбутәліпов пен «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің одағы» қоғамдық білестігінің атынан Игорь Гамов қатысты.Іс-шара кеңестік әскерлердің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 20 жылдығына арналды. Оның негізгі мақсаты ? жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.«Дөңгелек үстелге» қатысушылар балалар колониясының тәрбиеленушілерімен кездесті. Олар өз кезегінде қонақтарға концерт қойып берді. Концертте әскери тақырыптағы әндер шырқалды.