16:13, 31 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Петропавл балалар үйінің шәкірттері ҚР Президентінің сыйлығына ие болды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Қазпоштаның» -«Аяз атаға хат жаз» жобасы аясында СҚО отбасылық үлгідегі үй-интернатының шәкірттеріне Елбасы Н.Назарбаевтың атынан «музыкалық орталық» пен қазақстандық жазушылардың кітаптар жинағын сыйлады.

«Желтоқсан айында «Қазпошта» - «Аяз атаға хат жаз» акциясын жариялады. Республика бойынша шамамен 4 мың бала, соның ішінде СҚО балалары қатысты. Барлық жерлерге жәшіктер орнаттық, кейін ғаламторға орналасмтырдық», - деді «Қазпошта» СҚОФ директоры Ерік Нұрақаев.
«Президенттің қолдап жатқанына рахмет! Ол үшін әр өмір, әр тағдыр маңызды. Барлық шәкірттердің атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз», - деді отбасылық үлгідегі балалар үйінің шәкірті Виктория Голубцова Елбасына жазған хатында.
Балалар ауылында (үйінде) 7-ден 18 жасқа дейінгі барлығы 51 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр.