Петропавл қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Марлен Сандыбаев орынбасары болып тағайындалды. 

Марлен Сандыбаев Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Фото: Петропавл қалалық әкімдігі

Ол экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария салаларына жауапты болмақ. 
Марлен Бағытбекұлы 1984 жылдың 8 қаңтарында Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келді. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Юриспруденция», К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетін «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы прокуратура органдарынан бастаған. Әр жылдары Қостанай қаласы әкімдігінде, Сарыкөл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Осы тағайындауға дейін Марлен Сандыбаев Қостанай облысы Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар