Петропавл қаласына жаңа прокурор тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Бас прокурорының өкімімен Петропавл прокуроры болып Тыныбек Сапаров тағайындалды.

тағайындау
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, жаңа прокурор бүгін қала активіне таныстырылды.

сапаров
Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Тыныбек Сапаров 2019 жылдан бастап осы күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Тыныбек Әнуарбекұлы 1986 жылы СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Еремеевка елдімекенінде дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органына 2009 жылы келіп, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі болды.
Кейін Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі, соттарда мемлекет мүдделерін білдіру басқармасының және СҚО прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы басқармасының прокуроры және Тайынша ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

 

Соңғы жаңалықтар