Петропавл қаласының орталығынан ер адамның мәйіті табылды

Петропавлда қала тұрғындары үйдің ауласынан ер адамның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Kazinform.

Петропавл
Фото: Kazinform

58 жастағы марқұмның қайтыс болу себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді. 

— 11 қарашада 102 пультіне Алматы және 314-ші атқыштар дивизиясы көшелерінің қиылысында 58 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл оқиға «Адам өлімі» бабы бойынша ЕҚДБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Тексеру жүргізілуде, — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар