Петропавл қаласының прокуроры болып Ғалымжан Әубәкіров тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ғалымжан Әубәкіров Петропавл қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Әубәкіров
Фото: СҚО прокуратурасы

Ғ. Әубәкіров 1976 жылы туған. Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Қызылжар, Уәлиханов, Есіл және Тайынша аудандарының прокуроры қызметін атқарды. 

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері төсбелгісімен марапатталған.

СҚО прокуратурасында ауыс-түйіс болды
Фото: СҚО прокуратурасы

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Александр Трикачев Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

А.Трикачев 2000 жылдан бастап прокуратура органдарынде еңбек етіп келеді. Әр жылдары Петропавл қаласы прокурорының орынбасары, прокуроры, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның және Мағжан Жұмабаев ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. 

2023 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болды. 

Ал бұған дейін Петропавл прокуроры болған әділет кеңесшісі Тыныбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Т. Сапаров 2009 жылдан бастап прокуратура органдары жүйесінде еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Медет Қафизов Тайынша ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. 
М.Қ. Қафизов прокуратура органдары жүйесінде 2015 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Президенттік жастар кадрлық резервінде тұр.

Бұған дейін Алматы қаласы Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум