Петропавл қаласында банктерден қомақты қаражат ұрлаған азаматтарға байланысты үкім жарияланды

200 томнан артық тұратын осы қылымыстық іс 13 сотталушыны, 25 жапа шеккен және 213 куәгерлерді құрап отыр. Бұл істе «Импек Трейд Маркет» ЖШС және «Апиакт» ПК жетекшісі Виктор Михеенко айыпталып отыр. Ол қылмыс тобын ұйымдастырып, «Каспий банк» АҚ -нан 645 миллион теңге ақша ұрлаған.
Соттың үкімі бойынша, Михеенко 9 жылға бас бостандығынан және мүлігінен айырылды, енді жалпы режимді колонияда жазасын өтейді. Сондай-ақ және 2 жылға коммерциялық бағытта жұмыс істеуіне тиым салынды. «Каспий» банкі облыстық бөлімшесі қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы 7 жыл бас бостандығынан айырылды.
Өзге де үш істі болғандар, оның ішінде «Апиакт» ПК және банк қызметкерлері 3 жылдан 6 жылға дейін сотталды. Сотталушылардың қорғаушылары үкіммен келіспей, кассациялық арыз беретіндіктерін айтты.