Петропавл қаласында қос шағын аудан пайда болады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Петропавл қаласында  «Өркен» және «Солнечный» атты қос шағын аудан пайда болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті тұрғындармен кездесу барысында айтты.

«Жас Өркен» шағын ауданында 2,7 мың пәтер, мектеп, Оқушылар сарайы, театр салынады. Теннис корты мен Спорт сарайы тұрғызылып қойды.

Жаңа аудандағы үйлер біркелкі сәулет стилімен салынуда. Алғашқы 73 үй 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында, тағы 139 үй жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.  Барлығы 2 мың үй салу жоспарланған. Инфрақұрылымы дайын тұр.

«Алайда, жер алу кезегінде тұрғандардың саны 9 мың адамнан асады. Осыған байланысты Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының әкімдеріне  қосымша жер телімдерін қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар