Петропавл қаласында Н.Назарбаевтың жаһандық энергетикалық-экологиялық даму проблемалары жөніндегі кітабының тұсаукесері өтті
Әкімдікте ашылған көрмеде ел Президентінің Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды аспектілерін қозғайтын еңбектері көрсетілді.
Жаңа монографиясында Н.Назарбаев тек Қазақстандағы емес, ЕурАзЭҚ мемлекеттеріндегі заманауи үрдістердің жаһандану жағдайында энергетикалық-экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.
Жаңа басылымның тұсаукесерінде сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов: «Бұл еңбек ел Президентінің бұдан бұрынғы жұмыстарының қисынды жалғасы болып табылады. Кітап 2012 жылы өтетін тұрақты даму бойынша бүкіләлемдік саммитке өзіндік жолдау іспетті және әлем мен ЕурАзЭҚ елдерінің энергетикалық және экологикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін теориялық тұрғыда зерттеулері циклын аяқтайды», деді.
Өз сөзінде экономика ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік қызмет академиясының профессоры Анатолий Спицын: «энергетикалық-экологиялық жағдайға баға бере отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев стратегияны жүргізіп қана қоймай, оның жүзеге асырылуының механизмін ұсынған қуатты бастамасын алға тартты» деп атап өтті.
Тұсаукесер барысында құрамында ҚР Парламентінің сенаторы Анатолий Башмаков болған оның қатысушылары Елбасының жаңа кітабы әр түрлі қызмет салаларындағы зерттеуші ғалымдарға, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға қызықты болатынын атап өтті. Кітапта түрлі мемлекеттер ғалымдары ұсынған жаһандық энергетиканы қалыптастыру және дамыту әдістері көрініс тапқан.