Петропавл қаласында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» акциясының барысында ҮЕҰ мен БАҚ-тардың өкілдеріне құрмет көрсету шарасы өткізілді

None
None
ТРОПАВЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу «20 жұлдызды күн - Тәуелсіздіктің 20 шыңы» республикалық акциясының аясында өтті, ол бүгін азаматтық қоғам институттарының күні деп аталып мерекеленуде.

Басқосуды аша отырып, аймақ басшысы ҮЕҰ мен БАҚ-тардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде, демократиялық процестердің даму үрдісінде атқарған маңызды рөлін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық даму демократиялық институттарының дамуына үлкен назар аударады және мерейтой жылында ол осы жылдар бойы біздің мемлекетіміздің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан барлық адамдарды атап өткен», - деді С.Біләлов.

Кездесу барысында ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық меадльдарымен марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандар арасында - «Қызалжар-Ақпарат» МКП басшысы Кәрібай Мұсырман, «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің редакторы Николай Дроздецкий, «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Валерий Мерцалов, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының аға операторы Владимир Манылов. «Хабар» АҚ-ның операторы Төлеген Иманов, «Ауғанстан және локальді соғыстар ардагерлері одағы» ҚБ облыстық бөлімшесінің төрағасы Игорь Гамов және тағы басқалары бар.

ҮЕҰ өкілдері мен БАҚ қызметкерлерінің бір тобы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ бұл күні БАҚ арасындағы облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің төрт номинация бойынша марапатталуы өтті. Жеңімпаздар облыс әкімінің сыйақысына ие болды.

Соңғы жаңалықтар