Петропавл қаласының білім ошағынан 700 оқушы мен 30 қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарға байланысты Петропавл қаласының 700-дей мектеп оқушысына білім ғимаратын босатуға тура келді.
None
None

Петропавл қаласындағы №8-ші мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар кеше, түскі сағат бір жарымда «102» нөміріне келіп түсті.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметінің, соның ішінде ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД-ның 25 адамы білім ошағынан 700 оқушы мен 30 қызметкерді қауіпсіз жерге шығарды.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында мектептің ішінде бөгде зат табылмады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум