Петропавл оқушылары бүгін қашықтан білім алады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендейді. Осы себепті бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды.

дистанционное обучение қашықтан оқыту дети компьютер балалар
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Айта кетейік, Қазгидромет осыған дейін еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран болады. Ал күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында тұман түсуі де ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар