Петропавл тұрғындарына жылу беріліп жатыр - ТЖМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының тұрғындарына жылу шаттатық режимге сай беріліп жатыр, деп хабарлады бүгін қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавл тұрғындарына жылу беріліп жатыр - ТЖМ

Осыған дейін СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі сағат 19-05 –те Метропавл қаласындағы Я.Гашек көшесі 28 мекенжайы бойынша орналасқан «СевКазЭнерго» АҚ-на қарасты жылу электр орталығының бірінші мұржасы күшті желдің салдарынан құлағаны хабарланды. Осыған байланысты орталықта 2 қазандық жұмыс істеп тұр (барлығы 12 қазандық, оның 2-уі жұмыс істеп тұр, 4-уі тоқтатылды, тағы 4-уі аптты жағдайда болғандықтан жөнделіп жатыр, тағы 1-уі жоспарлы жөндеуде және 1-і жаңартылу үстінде).

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қалада ауа температурасы -8 0С, желдің екпіні секундына 9-17 метр. Бұл жағдай жылудың талапқа сай берілуіне кері әсер етті. Мұндай температура кезінде жылу желісіндегі температура +75 градусқа тең болуы керек еді. Қазіргі таңда ол +45 градус болып тұр. Дегенмен қаланы жылумен қамту штаттық режимде жүріп жатыр.

«Сондай-ақ жарылыс салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр және су сорғытылуда»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін жарылыс салдарынан 5 қазандық істен шыққанын және осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.