12:22, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Петропавл тұрғыны құрттаған тауық сатып алған (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдық Евгений Садовой 4 маусымда облыс орталығының ірі супермаркеттерінің бірінен қуырылған тауығын сатып алған. Алайда кейін еттің құрттағанын байқаған.
«4 маусымда жұмыстан шыққан соң кешкі асқа «Көктөбе» сауда үйінен гриль тауығын сатып алдым. Ол құрттап кеткен екен. Тауықты сатушыларға қайтардым, алайда олар кешірім сұрамады. Әкімші болмады, маған айтқандай ол тағы екі күн жұмысқа келмейді екен», - деді Евгений Садовой.
Жапа шегуші ұсынған фотосуретте тағамның асқа жарамсыздығы анық көрініп тұр. Құрттарды ол қызыл қаламмен белгілеп қойған.
Айта кету керек, агенттігіміздің тілшісі де «Көктөбе» сауда үйіне хабарласып көрді. Супермаркет қызметкерлері оған: «Әкімшіміз пен басшылығымыз жоқ. Олар дүйсенбіге дейін жұмысқа келмейді»,- деп жауап қатты.