Петропавлда «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында биылғы жылғы бірінші ипотекалық үй пайдалануға берілді

ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда медицина қызметкерлеріне арналып, Юбилейный көшесінде салынған жаңа 75 пәтерлі ипотекалық үй пайдалануға берілді.
None
None

Пәтерлердің кілтін қоныстанушылар - облыстық және қалалық медициналық мекемелердің қызметкерлеріне салтанатты жағдайда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов табыс етті.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген өңір басшысы «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші - тұрғын үй жайлылығы» деп атап көрсеткенін тілге тиек етті. "Бүгін тапсырылатын 75 пәтерлі үй - тұрғын үй саясатының маңызды нәтижесі. 2010 жылы облыста 100 мың текше метр баспана қолданысқа берілсе, биыл тағы да 102 мың текше метр тұрғын үй пайдалануға берілмек", деді ол.

Соңғы жаңалықтар