Петропавлда 1,5 ғасырлық кимешек жұрт назарына ұсынылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен, тарихынан сыр шертетін «Киелі кимешек» атты көрме жұмыс істеп жатыр.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

«Киелі кимешек» көрмесінің авторы – ҚР қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, алматылық этнодизайнер – Тілек Сұлтан.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

- Бұл көрме былтыр Астанадағы ұлттық музейде ашылды. Енді қалған өңірлерге апарып, көрсетіп шығуды мақсат еттік. Теріскейден бастап отырмыз. Басқа мемлекетпен шекаралас өңір. Қазақтың құндылығын, қазақтың рухын көтеру, жалпы ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, - дейді көрмені ұйымдастырушы, тарихшы-этнолог, «Қара шаңырақ» РҚБ директоры Тұрар Шәкен.

Тарихшының айтуынша, кимешек – киімнің бір элементі ғана емес, ол ұлттық бірегейлігіміздің нышаны.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

- Кеңес уақытында біз өзіміздің ұлттық киімімізден айрылып қалдық. Сондықтан Тәуелсіздік алғанда, біздің ұсына қоятындай ұлттық киіміміз бола қойған жоқ. Көбіне оны сахнадан көрдік, оның өзінде қошқар мүйізді оюдан басқаны, шын мәнінде танымайтынбыз.

Дизайнерлер көп бізде, сахналарға, сән үйлерінің сахналарына апарып, қазақтың көбіне принттелген дүниесін көрсетіп, соны біздің қазақтың киімі деп жатады. Бұл ішің ашитын, қынжылатын нәрсе, - дейді Тұрар Шәкен.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

Тілек Сұлтан тек этнодизайнер ғана емес, сонымен қатар коллекционер, ол байырғы дүниелерді, ата-бабаларымыз, әжелеріміз, аналарымыз киген киімді жинап, жаңғыртып, бізкестелеп, өз қолымен жасап жүрген қолөнерші.

Көрмеге қойылған кимешектердің ішінде 19-20 ғасырдың кимешектері де бар және олардың жаңартылған түрлері де көпшілік назарына ұсынылған.

Бұл кимешектер ру атауына қарай бөлінеді және ру тауымен аталған.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

Мәселен Қызылорда өңірінде «Сұлама» кимешек киген. Алматы облысы Албан руының кимешегін, Абақ-Керей руының кимешегін, Найман кимешекті де көруге болады.

- Қазақтың әр өңірінің дәстүрлі кимешегі қойылып отыр, барлығы - 21 дана. Оның тоғызын мен өзім тіккенмін. Дәстүрлі түпнұсқаның негізінде жасалды. 12-сі менің коллекциямдағы көне кимешектер. Ең көнесі – 150 жыл, ең жаңасы 70-80 жыл болған, - дейді Тілек Сұлтан.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

Ерекше кимешектерді Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып көруге болады. Көрме Петропавлда бір ай бойы жұмыс істейді.

Бұған дейін Астанада ҚР Ұлттық архиві Халықаралық әйелдер күніне орай көне зергерлік бұйымдар мен тарихи қолжазбалар көрмесін өткізгенін жазған едік.

көрме
Фото: Анатолий Белоног

 

 

 

Соңғы жаңалықтар