Петропавлда 15 жасар мектеп оқушысы жоғалып кетті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл тұрғындары әлеуметтік желілерге 15 жасар қыздың жоғалғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
СҚО ІІД баспасөз қызметі ақпаратты растады.
«Петропавл қалалық ІІБ-ге қаладағы мектептердің бірінің әкімшілігі екі күн бұрын 15 жастағы Антонина Филиппованың үйінен шығып, қайтып оралмағанын хабарлаған. Дерек бойынша іздестіру ісі қозғалды. Оқушы қыздың анасының сөзіне қарағанда, олар жұртты дүрліктірмеген, себебі ол бұрын да ұзақ уақытқа үйінен кетіп те жүрген», - деп хабарлады полиция ведомствосының баспасөз қызметінде.
Қазір полицейлер қыздың баруы мүмкін деген барлық мекенжайларды тексеруде.
Қыздың белгілері: дене бітімі орташа, бойы 160-165 см, шашы ақшыл сары, ұзындығы орташа, көзі көгілдір түсті. Папюшоны бар сұр түсті күртке, қоңыр түсті мойынорағыш, жеңі жоқ қара көйлек, қоңыр түсті қысқы етік киген.
«Бұл ақпарат барлық аумақтық бөлімшелерге жіберілді. Сондай-ақ, компьютер клубтары, көңіл көтеру орындары тексерілуде», - деп айтты Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары Асан Мейрамов.
Полицейлер осы іс бойынша қандай да бір мәліметтен хабардар азаматтарға мына нөмірге байланысуларын сұрайды 102, 8(7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-707-625-90-14, 8-707-724-42-91, 8-707-507-71-64.