Петропавлда 18 пәтерді тонады деген күдікпен үш ер адам ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда полицейлер бірқатар пәтерлерді тонаған қылмыстық топты ұстады.

«Өткен жылы қараша айының соңында ІІБ кезекшілік бөліміне пәтерлердің тоналуы бойынша бірнеше шағым келіп түскен. Бұл ұрлық фактілері бір-біріне ұқсас болған: кіретін есік жабық болса да, пәтерлерден қаражат, зергерлік бұйымдар мен техника ұрланған. Жедел іздестіру шаралары барысында үш ер адам ұсталды», - деді Петропавл қ. ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Иван Терзиди. Қаскөйлер жұмыс уақытында домофон арқылы қай пәтердің иесіз қалғанын анықтап отырған. Кейін сол пәтерлер көршілеріне өздерін ғаламтор байланысын реттейтін маман ретінде таныстырып, подъезге кірген. Біреуі домофонның маңында тұрса, екеуі қажетті кілтті таңдап ішке кірген. Көп жағдайда олар Қытайда жасалған құлыптарды орнатқандардың пәтерлерін тонаған. Полицейлер ұрыларды анықтап, оларды облыс орталығындағы сауда үйлердің бірінің маңында қолға түсірген. Айта кету керек, сезіктілердің екеуі осыған дейін ұрлық және бопсалау жасағандары үшін сотталған. 25 жастағы азаматтың және 22 жастағы екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Онда 18 пәтер тонау фактісі қарастырылған. Күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар
telegram