Петропавлда 2 жасар баланы құтқарған ер адам марапатталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер баланы құтқару үшін бесінші қабаттың балконынан бір қабат төмен секірген ер адамды марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпара» ХАА тілшісі.
None
None

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Петропавл қаласы Полиция басқармасы басшысының міндетін орындаушы Нұржан Қожағұлов Дмитрий Зайцевке алғыс хат пен қолға тағатын сағат сыйлады.

Еске сала кетейік, екі апта тұрын петропавлдық азамат қайғылы оқиғаның алдын алған еді. Ол балкон арқылы төртінші қабатта орналасқан пәтерге еніп, ашық терезенің алдында тұрған екі жасар баланы құтқарған.

«Уақыт тығыз еді. Астындағы адамдар көрпені жайып жіберді. Өзімнің қауіпсіздігім жайлы мүлде ойлаған жоқпын», - деді Д. Зайцев.

Петропавлда биылғы жылы көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап, қаза тапқан екі баланың өлімі тіркелді.


Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар