Петропавлда 2016 жылы 8 км астам жылу желілерін ауыстырады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2012 жылдан 2020 жылға дейін Петропавл ЖЭО-2 7 турбоагрегат пен 6 қазандықты ауыстыру бойынша жоба жүзеге асады. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметтінің облыстық филиалында өткен брифингте СҚО Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Антон Федяев мәлім етті.
None
None

«2016 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2 №12 қазандық пен №5 турбоагрегатты қалыпқа келтіру шаруасын аяқтауды жоспарлап отыр. Жобалар құны сәйкесінше 3,1 және 6,5 млрд. теңге. Бұл шаралар 2016 жылдың соңына қарай қуаттылықты 541 МВт дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде турбиналық цех қондырғысы 71,4%, қазандық цехы 50% жаңартылады», - деп атап өтті А.Федяев.

Сонымен қатар, А.Федяевтың сөзіне қарағанда, 2015 жылы облыс орталығында 17 км жылу жүйесі қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өтті. Соның ішінде диаметрі үлкен 5 шақырым магистральдық жүйе салынды. «Петропавл жылу желілері» ЖШС 2016 жылы инвестициялық бағдарлама қаржысы есебінен 2,5 млрд. теңгеге 8,2 км жылу желілері, 1,1 км оқшаулағыш қалыпқа келтіріледі.

«Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ 2016 жылы қондырғыны жаңғырту мен қалыпқа келтіруге кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының 1035 млн. теңгесін бағыттауды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар