13:01, 10 Мамыр 2018 | GMT +6
Петропавлда 22 жастағы жігіттің мәйіті көшеден табылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл орталығындағы дәмханалардың бірінде жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД-ге сілтеме жасап.
«Азия» дәмханасының алдында сәрсенбі күні 1996 жылғы Жамбыл облысының тұрғынының мәйіті табылды. Оның неден көз жұмғанын анықтау үшін денесін сот-медициналық сараптамаға жібердік», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.