Петропавлда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда жоғары қабаттан құлаған бала аман қалды. Бірақ жағдайы ауыр, қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. 

бала терезе
Фото: Рolisia.kz

Оқиға 17 қыркүйек күні болған. Бір сәт ересектердің бақылауынсыз қалған бала терезеден абайсызда құлап кеткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. 

– Баланы жалғыз өзін қараусыз қалдыруға болмайды. Пәтерде қауіпсіз жағдай жасап, терезелерге үйді желдетуге арналған арнайы бекіткіштер орнату қажет, - деп еске салды тәртіп сақшылары. 

Бұған дейін Астанада терезеден құлаған 3 жасар баланың көз жұмғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар