Петропавлда 34 жастағы әйел екі аптадан бері табылмай жатыр

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Ирина Николаевна Искаковаға іздеу жарияланды. Ол екі аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері жоғалған адамды іздеуге ат салысып, Ирина Искакова туралы ақпаратты әлеуметтік желіде жариялады. Айтуларынша, әйел 29 сәуір күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы Мопровская көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Иринаның бойы 160 см, арықша келген, бетінде секпіл бар, бұйра келген жирен ұзын шашты.

Сол күні үстінде қара күртеше, көк джинсы, аяғында ақ кроссовки болған.

Ирина Искакованы көрген-білгендер болса 8 926 62664 33, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.

Волонтерлер сондай-ақ, Василий Александрович Николевтың туған-туыстарына іздеу жариялады. 1986 жылы туған ер адам қазіргі уақытта ауруханада ем алып жатыр. Ол ұмытшақтық ауруымен ауыруы мүмкін, сол себепті өзі жайында басқа мәлімет бере алар емес.

Василий Николаевты танығандар болса волонтерлерге немесе полицияға хабарласа алады.

Бұған дейін іздеу жарияланған Қызылжар ауданы Чапаев елді мекенінің тұрғыны Нариман Нұрсейітов әлі күнге табылған жоқ. Ол 26 наурыз күні үйінен шығып, Петропавлға жол тартқан. Содан бері хабарсыз.


Соңғы жаңалықтар