Петропавлда 36 жастағы ер адам бес күннен бері табылмай жатыр

Әлеуметтік желі арқылы волонтерлер Петропавл тұрғыны Абзал Маралұлы Жақыповты іздеп жатыр. 1985 жылы туған ер адам 4 маусым күні таңғы сағат 4.30 шамасында Рахимов көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ.
Ер адамның бойы 173 см, дембелше келген, алақанының қырында «За ПВ» деген жазу жазылған. Сондай-ақ сол жақ қасында болмашы тыртық бар.
Сол күні үстінде капюшоны бар көк күртеше, «Adidas» жазулы, ақ жолағы бар шалбар және қара аяқ киім болған. Ұялы телефонын өзімен алып кеткен.
Хабарсыз кеткен жан жайлы көрген-білгендер 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 телефон нөмірлеріне немесе 102 жедел арнасына хабарласа алады.
Естеріңізге салайық, 8 мамыр күні іздеу жарияланған Сергей Багинский де әзірге табылған жоқ. Тайынша ауданы Келлеровка елді мекенінің 57 жастағы тұрғыны хабарсыз кетті.
Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғыны Анатолий Зарваны да іздеу жұмыстары нәтиже бермей жатыр. 1997 жылы туған жігіт 15 мамыр күні үйінен шығып, содан қайтып оралмады.
Хабарсыз кеткен жігітті іздеуге ауылдастары, волонтерлер жиналып шығып, полицияға көмектесті. Олар елді мекен маңын сүзіп шыққанымен, ер адамды табуға мүмкіндік беретін дерек табылмады.