Петропавлда 4 жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

5 жасар бала
Фото: Kazinform

Оқыс оқиға 7 маусым күні болды.

«Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел нөміріне Ибраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің бірінде. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Аймановтың айтуынша, бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Қандай жарақаттар алғаны дәрігерлік құпия. Мамандар бүлдіршінді аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Бұған дейін үй ішінде құлап, тұра алмай қалған әжеге құтқарушылар көмекке келгенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар