08:48, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Петропавлда 5 қабатты үйден өрт шықты
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Петропавлда 24 қараша күні түнгі 01-21 минөтте 5 қабатты үйден өрт шығып, 5-ші қабаттағы пәтер өртенген. Жалын 02-35 минуттар шамасында сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 6 қызметкері және 2 техника жұмылдырылған. Жалын шарпыған аймақ 47 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 1996 жылы туылған жасөспірім құтқарылды. Ол газдан уланып ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 20 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, оның 2-уі бала.