Петропавлда 600 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Петропавлдағы «Береке» шағын ауданына бүгін көпқабатты 6 үй пайдалануға беріліп, 600 пәтердің кілті тұрғындарға салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Kazinform.

Пәтер
Фото: СҚО әкімдігі бааспасөз қызметі

Бүгін Петропавлдағы «Береке» шағын ауданында құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған көпқабатты алты үй тапсырылды. Инженерлік инфрақұрылымның дер кезінде салынбауына байланысты бұл қуанышты сәт шегеріліп келген еді. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде табыстады. 

«Бүгін «Береке» шағын ауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолданысқа беріліп, 600 отбасы баспанаға ие болды. Бұл көпбалалы отбасылар, жетімдер, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және толық емес жанұялар үшін көптен күткен қуанышты күн. Жаңа пәтерлердің иелеріне кілттерді табыс етіп, қоныс тоймен құттықтадым. Көпбалалы ана Гүлназ Кенжетаева мен Александра Иоржтың шаңырағында болдым.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президент тұрғындарға баспана қолжетімді болуы керек деп атап өтті. Жыл соңына дейін облыс орталығында 22 көпқабатты үй тапсырылып, 2 мыңнан аса отбасы жаңа қонысқа ие болады», - деді өңір басшысы.

«Береке» – күннен күнге өсіп, көркейіп келе жатқан болашағы зор шағын аудандардың бірі. Қазіргі уақытта мұнда екі шағын мектеп, балабақша мен спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа жылға дейін жаңа емхана пайдалануға беріледі. 

пәтер
Фото: СҚО әкімдігі бааспасөз қызметі
пәтер
Фото: СҚО әкімдігі бааспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар