Петропавлда 8 наурызда көпбалалы аналарға бір реттік төлем жасалады
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Халықаралық әйелдер күніне орай төрт және одан да көп баласы бар әйелдерге Петропавлда сыйлық жасалмақ.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, мерекеге орай берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар және марапаты жоқ 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы аналар алады.
- Ерекшелігі – орден, алқа иегерлеріне 10 АЕК мөлшерінде, яғни 39320 теңге, ал басқаларына 5 АЕК мөлшерінде – 20 мың теңгеге жуық әлеуметтік төлем жасалады. Мұндай бір реттік көмекті Петропавлда 1,5 мың әйел алмақ, - деді Петропавл қалалық әкімдігінде.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Астанада 8 наурыз мерекесіне орай 36 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем берілетіндігін жаздық.
Ал түркістандық аналарға аудандық және қалалық бюджет есебінен жалпы 63 мыңнан астам адамға 484,8 млн теңгеге жуық қаржы қаралып, орташа есеппен 7864 теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетілетіндігін жазған болатынбыз.