13:21, 10 Қаңтар 2009 | GMT +5
Петропавлда акробатикадан ғарышкер-ұшқыш В.Шаталовтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтуде
ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда ғарышкер-ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Владимир Шаталовтың жүлдесі үшін акробатикадан халықаралық турнир өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Акробатикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ринат Белогоновтың айтуынша, «даңқты жерлесіміз, ғарышкер-ұшқыш Владимир Шаталовқа арналған дәстүрлі турнир спорттық акробатиканы кеңінен тарату, спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатын көздейді». Бұл жолы турнирге 70-ке тарта акробат қатысуда. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімі бүгін сайыстар аяқталғаннан кейін белгілі болады.