19:07, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Петропавлда алаяқ 114 млн. теңгені пайызбен қарызға алып, қайтармаған
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қалалық сот Наталья Солоханың ісі бойынша үкім шығарды, оған 6 жыл 8 ай жалпы режімдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
«Петропавл қалалық сотының 16 шілдедегі үкімімен тұрақты жұмысы жоқ Солоха Наталья ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігі «б» тармағы бойынша алаяқтығы үшін айыпты деп танылды. Оған бар мүлкі тәркілене отырып, 6 жыл 8 ай жалпы режімдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - деді сот судьясы М. Гусев.
Жәбірленушінің талап арызы толық қанағаттандырылды.
15 жыл ішінде Солоха жәбірленушінің қаражатын уақытша қарыздап, пайызбен қайтарамын деп иеленіп келген. Оның 14 ісі ірі көлемде, 6 ісі аса ірі көлемдегі (жалпы сомасы 114 млн теңге) қылмыс деп танылды.