15:39, 04 Қазан 2012 | GMT +5
Петропавлда әлеуметтік маңызы бар нысандардың 93 пайызы жылытуға қосылды
ПЕТРОПАВЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Петропавлда жылыту маусымы басталды.

2 қазандағы жағдай бойынша жылытуға 435 көп қабатты үй, жекеменшік секторындағы 73 үй және әлеуметтік маңызы бар нысандардың 93 пайызы қосылды. Жылумен қамтамасыз ету жүйелері толық қуатында жұмыс істеуде.
«Петропавл жылыту жүйелері» ЖШС-нің бас инженері Андрей Дубковтың айтуынша, қалада жылытуға қосу кезең-кезеңмен өткізілуде. Бірінші кезекте мектептер, балабақшалар, ауруханалар қосылды. Дайындық бойынша, төлқұжаттары арқылы, одан кейін заңды тұлғалар қосылуда. Петропавл жылыту жүйелері барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауға жақын.