17:53, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Петропавлда американдық фильмдердің фестивалі басталды
ПЕТРОПАВЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавл қаласында американдық фильмдердің фестивалі басталды. Ол «Новый свет» кинотеатрында өтуде.

Американдық фильмдердің фестивалі Қазақстанның төрт қаласында 3-14 қазан аралығында өтуде. Алғашында алты американдық көркем және деректі фильмдерінен құрылған бағдарлама Астанада, одан кейін Шымкентте көрсетілді. Бүгін және ертең фильмдер Петропавл қаласында көрсетіледі. Одан кейін кинокартиналар Алматыға аттанады.
Фильмдермен бірге Қазақстан бойынша сапарға Американың кино саласындағы үш маманы аттанды, бұл «Соңғы ковбой» фильмінің режиссері Илиза Барбаш, «Қарапайым оқиға» картинасының продюсері, авторы және сценарийін жазушы Мэри Суини және Оңтүстік Калифорниядағы Кино өнері мектебі Университетінің кіші деканы Алан Бэйкер.
Кинокөрсетілімдерге кіру тегін. Барлық фильмдер ағылшын тілінде орыс субтитрлерімен көрсетіледі.