Петропавлда әр төртінші көпқабатты үй ғана қысқа әзір

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда 1184 көпқабатты үй болса, соның тек 300-ге жуығы ғана қысқа әзірлік паспортын алды.

Петропавлда әр төртінші көпқабатты үй ғана қысқа әзір
Фото: СҚО әкімдігі

Жаңа жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Суығы тоғыз айға созылатын өңір үшін қысқа әзірлік аса маңызға ие. Осыған орай Солтүстік Қаақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымына дайындықты пысықтады.

Петропавлда әр төртінші көпқабатты үй ғана қысқа әзір
Фото: СҚО әкімдігі

- Жылыту маусымына дайындық мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Президент Петропавл 2-Жылу-электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды, сондай-ақ жылумен және электр энергиясымен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Биыл №2 турбогрегатқа және теміржол жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді. №1 және №4 қазандық агрегаттары, сондай-ақ №6 турбогрегат ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта №2 қазандық агрегатын қайта жаңғырту, №3 және №11 қазандық агрегаттары мен №6 турбогрегатқа күрделі жөндеу және негізгі және қосалқы жабдықтарды регламенттік жөндеу жүргізіліп жатыр, - деді СҚО әкімі.

Петропавлда әр төртінші көпқабатты үй ғана қысқа әзір
Фото: СҚО әкімдігі

Өңір басшысының айтуынша, барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, қазір жалпы көлемнің 60% астамы орындалды.

Биыл жылыту маусымында жаңа мұржа пайдалануға берілмек.

Осылайша, станцияда қыс бойы үш мұржа жұмыс істейді.

  Петропавлда әр төртінші көпқабатты үй ғана қысқа әзір
Фото: СҚО әкімдігі

- Жылыту жүйелерін дайындаумен қатар, тұрғын үй қорын да қысқа мұқият әзірлеу қажет. Петропавл бойынша 271 көппәтерлі тұрғын үйдің жылыту жүйелері жуылып, қысыммен сынақтан өтті. Қала әкіміне осы бағытта бақылауды күшейтуді тапсырдым. Барлық дайындық жұмыстары 15 қыркүйекке дейін толық аяқталуы тиіс, - деді өңір басшысы.

Бұған дейін Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдағанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар