02:14, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Петропавлда араласпай қалған туыстарын іздеп, 14 адам полицияға жүгінген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жыл басынан Петропавлда 23 адам із-түзсіз жоғалып кетіп, олардың 20-сы полицейлердің көмегімен табылса, үшеуі әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады mtrk.kz.

Жалпы, жыл басынан тәртіп сақшыларына азаматтардың жоғалғандығын айтып, 120 адам жүрінген. Олардың 14-і бірнеше жыл көрмей жүрген жақындарымен қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін, іздеу салған.
Сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған 83 адам 3 тәуліктің ішінде табылған.